2022 жылы 21 маусымда Бішкекте (Қырғызстан) Орталық және Батыс Азиядағы ЖЕА қарсы күрес бойынша саяси шараларға арналған семинар өтті. ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы ұйымдастырушы болды.
Жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы үлкен мәселе болып саналады және ДДСҰ Еуропалық аймағында мерзімінен бұрын өлім мен мүгедек болудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Мақсат – ағымдағы жағдайды және семіздікті қоса алғандағы ЖЕА қарсы күрестің стратегиялық шараларын, ДДСҰ Еуропалық аймағында және семинарға қатысушы елдерде қоғамдық денсаулық сақтау саласының мәселесі ретінде сипаттау; шығындар мен нәтижелер тұрғысынан ең тиімді араласуды және семіздіктің алдын алу және жеткіліксіз тамақтану және олармен күрес саласындағы басқа да ұсынылатын іс-шараларды ұсыну; араласудың басым бағыттарын айқындау және семинарға қатысушы елдерде семіздікпен және жеткіліксіз тамақтанумен күрес жөніндегі шаралар қабылдау үшін деректерді пайдалану бойынша одан әрі іс-қимыл жасауға ынталандыру.
Іс-шараға Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бубужан Арықбаева, ДДСҰ-ның жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің және ДДСҰ-ның Қырғызстандағы елдік офисінің өкілдері, Португалия Ұлттық денсаулық сақтау институтының өкілдері және т.б. қатысты.
Қазақстан Республикасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Назира Еркебаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының салауатты өмір салтын нығайту орталығының басшысы Салтанат Назарова, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова және т.б. қатысты.
Шынар Абдрахманова қатысушыларға дұрыс тамақтануға ықпал ететін орта (оның ішінде мектеп ортасы) туралы презентация көрсетті.
Семинар барысында Орталық Азия елдерінің (сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан) Денсаулық сақтау секторының негізгі мүдделі субъектілері арасында билік органдары мен осы өңірде шешім қабылдайтын тұлғалардың халыққа ЖЕА дамуының қауіп факторларының әсерін азайтуға ықпал ететін нақты деректерге негізделген саяси араласуларды іске асыру саласындағы табыстарын талдау үшін саяси диалог өтті.
Семинарға қатысушылар мынадай мәселелерді қарастырды: өмір бойы семіздік, тамақтану және ИЕА алдын алу; ИЕА індетінің дамуына қоршаған ортаның (оның ішінде цифрлық ортаның) әсері; ИЕА дамуының қауіп факторларына қарсы іс-қимыл саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері; саясат мәселелері бойынша ең тиімді араласулар және ұсынымдар.
ДДҰ Еуропалық аймағындағы әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттеуге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында әртүрлі елдердің басты үйлестірушілері анықталды, олардың өз елдерінде және Орта Азия аймағында семіздік пен жеткілікті тамақтанбаудың алдын алу және олармен күрес саласындағы ұстанымдары мен одан әрі әрекеттері айқындалды.
Семинарға қатысушылар іс-қимылдың негізгі кезеңдерін бекітті және семіздік, тамақтану және ИЕА алдын алу саласындағы саясат мәселелері бойынша ұлттық диалогтың басым бағыттарын анықтады.