Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Бала денсаулығы -ұлттың болашақ байлығы. Балаларды қорғау күні құтты болсын! Бүгінгі бала – ел болашағы. Ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.