2022 жылғы 27 мамырда клиникалық бейіндегі дәрігерлер ИАИБ бойынша оқуды аяқтады. Бұл ҚДСҰО базасында “Инфекциялық бақылау және инфекцияның алдын алу” бойынша осы бірегей білім беру циклынан өтуге мүмкіндік алған клиникалық бейіндегі дәрігерлердің бірінші тобы.
Оқыту “Шеврон” компаниясы қаржыландыратын ҚР Денсаулық сақтау ұйымдарында ИАИБ жүйесін жетілдіру үшін консультациялық және практикалық көмек көрсету жөніндегі жоба, сондай-ақ Қазақстандағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы филиалы мен ҚДСҰО арасында қол қойылған шарт шеңберінде жүргізілді.
Білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева болды.
Оқыту тренингі кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру, дәрігерлердің кәсіби қызметінің сапасын арттыруға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің жоғары деңгейін қолдауға бағытталған ИАИБ бойынша дәлелді базасы бар заманауи құзыреттіліктерді меңгеру мақсатында өтті. Осылайша, тыңдаушылар ИАИБ бойынша барлық өзекті тақырыптарды қамтитын 10 модульден тұратын бірегей курсты меңгерді.
ҚДСҰО Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова оқыту қорытындысы бойынша:
– «Практикалық дағдылар сізге әрі қарайғы жұмыс барысында пайдалы болады деп үміттенемін. Оқыту нәтижелері сапалы медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға және қауіпсіз аурухана ортасын құруға ықпал ететін болады» – деді.
Тыңдаушылар қызығушылықпен оқытуға қатысты, олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы” ШЖҚ МКК №3 Педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Жанна Елеманова, “Дару клиникасы оңалту медициналық орталығының” терапевті Гүлнар Құрманғалиева, “Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” ШЖҚ КМК қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әсем Лебаева, Түркістан облысы “Жетісай аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары м.а. Ләйлә Мамырайымова, “Арқалық аймақтық ауруханасы” КМК Хирургия бөлімінің меңгерушісі Юлия Матей, Өскемен қ. “№4 қалалық аурухана” терапия бөлімшесінің аға дәрігері Берік Сәдуақасов және т. б. болды
Бағдат Имашева бұл ИАИБбойынша алғашқы цикл емес екенін және бүгінгі күні 100-ден астам дәрігер оқытқанын атап өтті.
Цикл аяқталғаннан кейін 20-дан астам тыңдаушы біліктілігін арттыру туралы куәлік алды, олар 60 сағат көлемінде циклден өтті (2 кредит). Лекторлар мен тыңдаушылар Б. Имашева бастаған ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.
Айман Белгібаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ДСБ Қалалық көпбейінді ауруханасының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бас дәрігерінің орынбасары, тыңдаушы
– Мен жұмысбастылығыма қарамастан сабақты өткізіп алмауға тырыстым. Өте құнды материал. Мен барлық тақырыптарды білеміз деп ойладым, бірақ курс барысында біз үшін жаңа нәрсе бар екендігі белгілі болды. Лекторларға үлкен жұмыстары үшін рахмет. Осындай ерекше рухпен келесі оқу циклдерін өткізулеріңізге тілектеспін. Біздің жұмысымыз үшін бұл үлкен көмек.
Қарлығаш Алиманова, медицина ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұматов атындағы ГжЭҰО филиалының ИАИБ КО
– Тыңдаушыларымызға оқу тақырыптарының қызықты екенін көрдім. Мен өте қуаныштымын, әрдайым кері байланыс алдым, белсенді жауап бердім, чатта жаздым. Дәріскерлерге келетін болсақ – олардың еңбегі зор, олар тырысты. Дәрігерлерге бұл пайдалы болды деп ойлаймын, өйткені бұл сіздің медициналық ұйымыңыздың жұмысына әсер етеді. Сізге кәсіби табыс тілеймін. Барлығына рахмет және сәттілік.
Зейнегүл Шакенова, м. ғ. к., ҚДСҰО-ның ИАИБ бағдарламасы бойынша консультанты, дәріскер
– Маған клиник – дәрігерлермен жұмыс істеген ұнайды. Әріптестеріме белсенді болғандары, бей-жай қарамағандары үшін алғысымды білдіремін, сіздерге табыс пен өз мамандығыңызға шығармашылық көзқараспен қарауларыңызды тілеймін. Сонда сіз жұмысыңыздан ләззат алып, ал пациенттер риза болады. Бағдат Сәкенқызына осы курсты өткізуге шыдамдылық танытқаны үшін рахмет. Қайтадан кездескенше. Мұндай оқулар әлі де болады деп үміттенемін.