ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы COVID – 19 індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ICAP орталығының жобасы аясында денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған “Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ)” оқыту курсын жүргізеді.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде және біздің елімізде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның (МКБИ) өзектілігі мен маңыздылығы медицина қызметкерлері тарапынан барынша мұқият назар аударуды, әсіресе медициналық ұйымдар басшылары тарапынан назар аударуды талап етеді, осы мәселе бойынша қазіргі заманғы ғылыми дәлелденген білім мен дағдыларды тәжірибе жүзінде алу және енгізу МКБИ-дің алдын алуда іргетас болып табылады.
Тыңдаушыларды қарсы ала отырып, ҚДСҰО Басқарма төрағасының м.а. Жанар Қалмақова: – “Осыдан бір апта бұрын біз 3,5 айға созылған эпидемиолог-дәрігерлерді оқыту бойынша бірегей курсты аяқтадық. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласының жетекші ғылыми орталықтарын, клиникаларын, ауруханаларын аралап, мол білім мен тәжірибе жинақтады. Біз жоғары буын менеджерлерін оқытуды бастадық, бұл ІІ топ. Мұндай оқыту курсын әзірлеу және енгізу инфекцияны бақылау және алдын-алу процестерін жақсартуға ықпал етеді және одан әрі жемісті жұмыс істеуге ынталандырады”, – деді.
ИАИБ білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі және модераторы б.ғ. д., профессор, ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева курс тыңдаушыларына қойылатын талаптармен және оқытудың негізгі кезеңдерімен және дәріскерлерді таныстырды: ҚДСҰО Инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Қанат Текебаев, ҚДСҰО эпидемиолог-дәрігері Гүлвира Төлешева, “UMC” КҚ Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Анна Гончарова, “UMC” корпоративтік қорының Эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы Гаухар Ағажаева, Қарлығаш Атаханова – жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог. Б.Имашеваның айтуынша, оқыту алғаш рет ел ауқымында жүргізілуде және оқуға қызығушылық танытқан дәрігерлер көп, бірақ бірінші кезекте 2021 жылдың тамыз-қазан айларында ИАИБ бойынша бағдарламалардың негізгі компоненттерінің жағдайына ситуациялық талдау жасауға қатысқан 78 стационардың дәрігерлері оқитын болады. Оқыту “Шеврон” компаниясының Қазақстан Республикасында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі жобасының қолдауымен өтеусіз негізде жоспарланған.
Оқыту тыңдаушылардың белсенді қатысуымен қашықтықтан өткізіледі. Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау қалаларынан және т. б. облыстардың басшылары мен бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысуда.
Анықтама: ҚР-дағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы ICAP орталығы (бұдан әрі – ICAP) әлемнің 30-дан астам елінде денсаулық сақтау жүйелерін күшейту мәселелері бойынша денсаулық сақтау министрліктеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін, медицина қызметкерлерін оқытуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық тәсілдерді әзірлеумен және тәжірибеге енгізумен айналысатын ірі халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады.