ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2022 жылғы 24 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін Еуропалық иммундау апталығының жүргізілетінін хабарлайды.
2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының (ЕИА) тақырыбы– «Барлығына ұзақ өмір».
ДДСҰ-ның Еуропа өңірі аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңызы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын (ЕИА) өткізеді.
Биылғы жылы 24 сәуір мен 30 мамыр аралығында EИА денсаулық пен салауаттықтың көптеген аспектілеріне қатысты вакциналардың өмір бойғы рөлін көрсетеді. EИА мақсаты ата-аналар мен тәрбиешілер, денсаулық сақтау мамандары, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын адамдар және БАҚ арасында иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы вакцинациямен қамтуды арттыру болып табылады.
Барлық адамдардың, соның ішінде босқындардың денсаулығын сақтау Украинадағы гуманитарлық дағдарыс жағдайында ДДСҰ үшін басты міндет болып табылады. ДДСҰ Еуропалық өңірдегі елдерге көп босқындарды орналастыру және адамдардың өмірлік маңызы бар медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруға көмектесуде. Босқындар, сонымен қатар вакциналарға қолжетімділікке де мұқтаж.
Осы аптада жоспарлы вакцинациялаудыың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі атап өтіледі және де COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пандемияның шектеулерін жоюға көмектесетін өмірлік маңызды құрал ретінде атап өтіледі.
ЕИА -2022-нің басты жолдаулары
Оның мақсаты – әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту
• Вакциналардың құндылығы дозамен емес, салауатты және ұзақ өмір сүрумен өлшенеді.
• Вакциналар бәрімізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.
• Вакциналар барлық уақыттағы ең тиімді ғылыми өнертабыстардың бірі болып табылады; олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
• Қызылша, диарея мен пневмонияның кейбір себептері сияқты бір кездері жиі кездесетін аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бүкіл әлем бойынша балалардың ұзақ және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Барлық адамдар, қай жерде болса да, өздеріне қажет және лайықты вакциналарға тегін қол жеткізе алуы керек.
Вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша жағдай
Жер шарының барлық тұрғындарын вакцинациялауды әмбебап қолданудың арқасында адамзат өз тарихында алғаш рет шешек ауруынан құтылды (ДДСҰ, 1980 ж.). Бұл мысал соншалықты маңызды болды және Жаһандық иммундау бағдарламасының негізіне айналды, оның мақсаты полиомиелит, қызылша, қызамық, туа біткен қызамық синдромы, жаңа туған нәрестелердегі сіреспе т.б. сияқты вакцинамен басқарылатын ауыр жаппай жұқпалы ауруларды жою болды.
Полиомиелит бойынша қауіпті эпидемиологиялық жағдай Пәкістанда, Ауғанстанда, Нигерияда байқалады. Бір баланың өзіне полиовирусты жұқтыру қаупі төнген кезде барлық елдердегі балалардың ауруды жұқтыру қаупі бар. Полиомиелит бұл аурудан таза елге оңай әкелінуі және иммунитеті жоқ халық арасында тез таралуы мүмкін. ДДСҰ мәліметінше, Ауғанстан, Нигерия және Пәкістанда вирустың эндемиялық таралуы жалғасуда. Осы дамуы қалған аймақтарда полиомиелиттің таралуын тоқтатпау 10 жылдан соң әлемде жыл сайын аурудың 200 000 жаңа жағдайының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Қауіпсіз және тиімді вакцинаның қол жетімділігіне қарамастан, қызылша бүкіл әлемде жас балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып қала береді. 2017 жылы ДДСҰ қызылшадан дүние жүзінде 110 000, негізінен 5 жасқа дейінгі балалар қайтыс болды деп есептеді. 2000 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңге қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылшадан әлем бойынша өлім-жітімді 80%-ға азайтуға көмектесті. 2017 жылы әлемдегі барлық балалардың 85%-ға жуығы 2000 жылғы 72%-бен салыстырғанда өмірінің бірінші жылында тұрақты медициналық қызметтер көрсету барысында қызылшаға қарсы вакцинаның бір дозасын алды.
Америкада қызамықтың эндемиялық таралуы толық тоқтатылды, ал 2015 жылы туа біткен қызамық синдромының жойылуы расталды. 1980-2000 жылдар аралығында дифтерияның тіркелген жағдайларының жалпы саны 90%-дан астамға қысқарды. 2018 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша қызамыққа қарсы егу 194 елдің 168-інде енгізілді және қызамыққа қарсы вакцинациялаудыың орташа жаһандық қамтылуы 69% құрады. Тіркелген қызамық ауруларының саны 2000 жылы 102 елде 670 894 жағдайдан 2018 жылы 151 елде 14 621 жағдайға дейін 97%-ға төмендеді.
В гепатитіне қарсы вакцина бүкіл әлемде 1982 жылдан бері қол жетімді. Бұл вакцина инфекцияның және оның созылмалы салдарының алдын алуда 95% тиімді және адамның негізгі қатерлі ісігіне қарсы алғашқы вакцина болып табылады. ДДСҰ-ның соңғы бағалауы бойынша, жаһандық деңгейде созылмалы В гепатиті бар бес жасқа дейінгі балалардың үлесі 2019 жылы 1%-дан сәл төмендеді, ал вакцинациялау енгізілгенге дейінгі онжылдықтарда (яғни, 1980-2000 жылдардың басына дейін) бұл көрсеткіш шамамен 5% құрады.
Проект программмы _ конференция ЕНИ_2022