Сарапшылар темекі және құрамында қанты бар өнімдерге салық салуды және маркетингтік шаралар кешенін енгізуді талқылады

2022 жылдың 15 сәуірінде темекі және құрамында қант бар өнімдерге салық салуды қоса алғанда, инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларының алдын алу саласындағы реттеу шараларын талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы кеңсесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен және ДДҰ Еуропалық кеңсесінің инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі сарапшыларымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс – шараға ҚР Парламенті Сенатының мүшесі Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова, ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Каролин Кларинваль, ДДҰ-ның Инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі еуропалық кеңсесінің басшысы Викрамасингхе Кремлин, Денсаулық сақтау саласындағы салықтар жөніндегі кеңесші Кунгхе Аванти және т. б. қатысты
Белгілі болғандай, темекі өнімдеріне салынатын салықтың артуы, олардың қол жетімділігі мен тұтынылуының төмендеуіне әкеліп соқтырады, бұл елдегі өлім-жітімді төмендетудің тиімді құралы болып табылады. Акциз ставкаларының өсуі денсаулыққа пайдасын нығайтуға мүмкіндік береді. Жылытылатын темекі мен никотині бар өнімдерді (вейп) тұтынуды азайту жөніндегі жоспарлар жеке талқыланды. Қазір жастар арасында кең таралған вейптар миға, жалпы дамуға, әсіресе жасөспірімдер денесіне түзетілмейтін зиян келтіреді.
Сондай-ақ, қант мөлшері жоғары өнімдерге акциздерді көтеру, қант, тұз және транс майлары көп өнімдерді таңбалау және маркетинг мәселелері талқыланды.Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және визуалды маркетингтің басқа түрлерінде балалар аудиториясына бағытталған тамақ өнімдерінің жарнамасын реттеу ерекше назар аударуды қажет етеді. Талқылау нәтижесінде ДДҰ халықаралық сарапшыларын тарта отырып, бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.