ҚДСҰО эпидемиолог-дәрігерлерді бірегей мамандандырылған оқыту курсын аяқтады

2022 жылғы 7 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы б.ғ. д., профессор, ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі Б. Имашеваның жетекшілігімен инфекциялық бақылау қызметкерлері – эпидемиолог дәрігерлерге арналған “Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау” (ИАИБ) циклі бойынша бірегей мамандандырылған курстың II кезеңін аяқтады.
Айта кетейік, мамандандырылған дәрігер-эпидемиологтар циклі 2021 жылдың қараша айында басталды (I кезең). Оқыту “Шеврон” компаниясы қаржыландыратын ҚР Денсаулық сақтау ұйымдарында ИАИБ жүйесін жетілдіру үшін консультациялық және практикалық көмек көрсету жөніндегі жоба, сондай-ақ Қазақстандағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы филиалы мен “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК арасында қол қойылған шарт шеңберінде жүргізілді..
Мақсаты – ИАИБ мамандарының кәсіби қызметінің сапасын арттыру, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде адами капиталдың сапасын қолдау және жекелеген бейінді қызметтер мен тұтастай саланың алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу. Мамандандырылған курс ИАИБ бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттіліктерді кеңейтуге және игеруге бағытталған.
Сабақтар 9 білім беру модулі бойынша дәрістер мен практикалық талқылаулар форматында өтті: қуық катетері мен қанайналым жүйесі катетерімен байланысты инфекциялардың алдын алу, респираторлық жол инфекцияларының, хирургиялық жараның алдын алу, ТЖ-ға дайындық және індетке дереу жауап қайтару, коронавирустық инфекция пандемиясының ИАБ ұйымдастыруға әсері, медицина қызметкерлері, келушілер және науқастар үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және т. б.
Оқыту барысында өзекті, ситуациялық міндеттерді шешу, ОШС, чек-парақтарды әзірлеу, дала жұмыстарын және басқа да материалдарды қорғау жүргізілді.
Орталық Азия елдеріндегі Колумбия университеті жанындағы ICAP директоры Анна Дерябина: “Бағдат Сәкенқызын өте құнды еңбегі мен циклді жасап шығарып, оны жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін құттықтаймын, әрине, дәрістерге арналған материалдарды жинап, практикалық тапсырмаларды орындау үшін қатысушылармен жұмыс істеген барлық менторлардың да еңбегі зор” деп барлық қатысушыларды оқуды аяқтауымен құттықтады. ICAP тарапынан біз ҚДСҰО осы циклды іске асырғанына өте қуаныштымыз. Бұл соңғы цикл емес, оқу бағдарламасының жалғасы болады деп үміттенемін. Сіз алғашқы қарлығаштарысыздар. Сіздің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз оқу бағдарламасын жақсартуға және күшейтуге көмектеседі, пайдаланылатын болады және бізге келесі оқыту циклдерін неғұрлым жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл білім сіздерге тәжірибеде қажет. Сіз жаңа ОШС, жадынамалар мен нұсқаулықтарды әзірлеуде ақпарат аласыздар. ҚДСҰО басшылығы мен қызметкерлеріне, барлық сарапшыларға курсты әзірлегені және енгізгені үшін үлкен рахмет. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз”, – деді ол.
Өз кезегінде, ҚДСҰО Басқарма төрағасының м.а. Жанар Қалмакова ИАИБ бойынша курсты өткізуді жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін ICAP орталығына үлкен алғыс білдірді. Ол “инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау” медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті және инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуде өте маңызды екенін атап өтті.
“Әлемде және біздің елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты оқытудың маңыздылығы бірнеше есе өсті. Кәсіби білім мен іскерлікті жетілдіру, денсаулық сақтау мамандарының қазіргі заманғы қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша құзыреттерді игеру, елдегі кәсіби (қосымша) білім берудің маңызды міндеті. Бұл курс біздің еліміздің әртүрлі медициналық ұйымдарының тәжірибелі дәрігер эпидемиологтары үшін пайдалы болды және сіздер заманауи ғылыми негізделген және медициналық дәлелденген дәрістік материалдар мен презентацияларды көрдіңіздер деп сенемін. Алған білімдеріңіз бен практикалық дағдыларыңызды одан әрі жұмыстарыңызға енгізесіздер деп сенеміз”, – деді.
Б. Имашева барлық тыңдаушыларды циклдің аяқталуымен құттықтап, оқудың аяқталуы Дүниежүзілік денсаулық күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Ол барлық дәріскерлерге алғысын білдіріп, денсаулық, табыс тіледі және тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы куәлікті табыс етті.

Пікірлер:
“UMC” корпоративтік қорының эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы, мамандандырылған цикл дәріскері Гаухар Ағажаева:
“Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапалы медициналық көмек көрсетудің басым мәселесі болып табылады, сондықтан осы тренингке қатысатын әріптестер Бинго ұтып алдыңыздар деуге болады. Біз өте белсенді жұмыс істедік, алған білімдеріңізді тәжірибеге енгізесіздер деп үміттенемін. Шын жүректен осы жобаның жабылмауын, эпидемиологтардың сапалы оқудан өту мүмкіндігі болуын тілеймін. Баршаңызға санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен өркендеу тілеймін. Шыдамдылықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді”.
“UMC” КҚ эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры, мамандандырылған цикл дәріскері Анна Гончарова:
“Тренинг өткізген барлық эпидемиологтармен бірге өте жақсы жұмыс істедік. Біз оқытушы ретінде қосымша тәжірибе алдық. Өзара жақсы әрекеттесу тұрғысынан сапалы оқыту болды. ҚР мен көрмеген және кездестірмеген мұндай жан-жақты курсты Қазақстандағы эпидемиологтардың оқуға мүмкіндігі болғаны үшін ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Эпидемиологтарға, оның ішінде ИАИБ бойынша шешім қабылдауға үлкен жауапкершілік жүктелген”.
м. ғ. к., ҚР ДСМ “ҚДСҰО” ШЖҚ РМК СЭСжМҒПО филиалы бактериялық инфекциялар мен антибиотикке төзімділікті бақылау жөніндегі референс зертханасының меңгерушісі, дала жұмыстарының менторы Зейнегүл Шакенова:
“Сіздерді айтулы курстың аяқталуымен құттықтаймын. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Негізгі қызметіңізге бұл қосымша жүктеме болдаы, бірақ соған қарамастан, менің ойымша, сіз өте жоғары деңгейде орындадыңыз. Оқу циклын өткізу мүмкіндігін алғанымыз үшін құттықтаймын және алғыс айтамын. Бұл қосымша білім, ИАИБ бойынша жұмысты жетілдіруге ұмтылыс береді. Осы курсты ұйымдастырғаны және шыдамдылығы үшін ИАИБ бойынша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Бағдат Имашеваға алғысымды білдіремін. Мұндай циклдар мен оқыту алдағы уақытта да Қазақстанда жүргізіледі деп үміттенемін”.
Жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог, дала жұмыстарының тәлімгері Қарлығаш Атаханова:
“Барлық ұйымдастырушыларға өткізген курс үшін, оны құрылымдап бергені үшін алғыс білдіремін. Осындай қызықты курсты қолдағаны және бастамашысы болғаны үшін ICAP компаниясының демеушілеріне Анна Павловнаға үлкен рахмет. Барлық оқытушыларға жан-жақты әдіс-тәсілдері мен қызықты материалдар ұсынғаныдары үшін рахмет. Қатысушыларға шыдамдылықтары үшін алғыс білдіремін. 4,5 айлық оқу қысқа мерзім емес. Әр түрлі жағдай болды. Осы курсты ұйымдастырып, оған қатысқандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан, бақыт және амандық тілеймін”.
Алматы қ. ҚДСБ “Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы” ШЖҚ КМК дәрігер-эпидемиологы, курс тыңдаушысы Зульфия Еламанова:
“Icap жобасының демеушісі Анна Павловнаға өте жақсы атқарған жұмысы үшін, жоғары кәсібилігіңіз үшін алғыс айтамын. Медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау мәселесі және сізден алған білім өте маңызды болды, олар өзекті және іс жүзінде қолданылады, біздің жұмысымызда қажет. Қолжетімді, мазмұнды және қызықты болуы үшін сіздердің қосқан үлестеріңіз бен қызметтеріңіз үшін ерекше алғыс білдіремін. Біз 5 ай бойы жұмыста қолдануды бастадық. Біз жаңа оқу циклдерін күтеміз. Бәріңізге жемісті шығармашылық көңіл-күй, Шеврон компаниясына қаржыландырғаны үшін және ICAP орталығына мүмкіндік бергені үшін рахмет айтамыз. Үлкен алғыс білдіреміз және басымызды иеміз”.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы ГжЭҒО филиалының ИАИБ КО директоры Қарлығаш Әлімжанова:
“Біздің эпидемиолог-тыңдаушыларымызды олардың кәсіби мансабы үшін маңызды курстың аяқталуымен құттықтаймын. Ұйымдастырушыларға рахмет. Болашақта өз білімдеріңізді іс жүзінде пайдалануларыңызға тілектеспін. Өте сауатты эпидемиолог дәрігерлер жиналды. Жұмыс істеді, қорғады, командалық жұмыс болды. Бәрін дайындап, оқытқан, материалды қол жетімді түрде ұсынған дәріскерлерге алғыс білдіремін. Бағдат Сәкенқызына бізбен 24 сағат жұмыс істегені үшін алғыс айтамыз. Барлығыңызға рахмет және сәттілік тілеймін”.
Дала жұмыстарын қорғау менторы, ҚДСҰО инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Қуаныш Әлімбетов:
“Құрметті әріптестер! Баршаңызды осы ИАИБ бойынша оқу курсын аяқтау мерекесімен құттықтаймын. Сіздер жарадыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби және шығармашылық табыс тілеймін!».
“Алматы қаласының Қалалық кардиологиялық орталығы” ШЖҚ МКК дәрігер-эпидемиологы Құралай Әбдіхалықова ҚДСҰО-ға алғыс бейнеролигін ұсынды.