Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдар деңгейінде инфекциялардың алдын алу жəне инфекциялық бақылау бағдарламаларыныңнегізгі компоненттері бойынша ситуациялық талдау нəтижелері туралы есеп

Бұл есеп 2021 жылғы тамыз – қазан айларында Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі ICAP орталығы (ICAP) жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) өткізген инфекциялардың алдын алу жəне инфекциялық бақылау (ИАБ) бағдарламаларының негізгі компоненттерінің жағдайын талдау нəтижесі болып табылады. Талдау «Шеврон» компаниясының Қазақстан Республикасында инфекциялардың алдын алу жəне инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұлттық іс – əрекеттерді қолдау жөніндегі бастамасы шеңберінде жүргізілді.

Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын Қазақстан Республикасының əр-түрлі өңірлеріндегі 78 аурухана негізінде ИАБ-дың негізгі компоненттерінің жағдайына ситуациялық талдау жүргізілді. Ситуациялық талдау əдістемесі екі кезеңнен тұрды: 1) зерттеу тобы ауруханадағы ИАБ-қа жауапты мамандармен сұхбат жүргізді; жəне 2) таңдалған ауруханаларда белгілі құрылым бойынша бақылаулар жасалды.

Жүргізілген ситуациялық талдау нəтижелері елдегі стационарлық медициналық қызметтерді ұсынатын медициналық ұйымдардағы барлық ИАБ жүйесіне жалпы баға беруге жəне ИАБ жүйесін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді. Осы талдаудың нəтижелерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдар деңгейінде ИАБ бойынша саясат пен практиканы жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын əзірлеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, талдау нəтижелері жоғарыда аталған «Шеврон» бастамасы аясында ICAP мен ҚДСҰО арасындағы одан əрі ынтымақтастық жоспарларын əзірлеу кезінде де ескерілетін болады.

Жүктеу:
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдар деңгейінде инфекциялардың алдын алу жəне инфекциялық бақылау бағдарламаларыныңнегізгі компоненттері бойынша ситуациялық талдау нəтижелері туралы есеп