Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2022 жылғы 6 сәуірде “Астана медицина университеті” КЕАҚ Қоғамдық денсаулық кафедраларының өкілдерімен, сондай-ақ “Академик Е. А. Вагнер атындағы Пермь мемлекеттік медицина университеті (ПММУ)” (Ресей) өкілдерімен дөңгелек үстел кездесуі өтті.
Кездесу барысында ғылыми-зерттеу қызметіндегі ынтымақтастық, “Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау” бағыты бойынша кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды, одан әрі ынтымақтастық жөніндегі басым бағыттар мен іс-шаралар белгіленді.
Талқылау нәтижелері бойынша 3 жылға Ынтымақтастық жөніндегі жол картасын әзірлей отырып, “Астана медицина университеті” КЕАҚ-пен өзара 2 жақты ынтымақтастық туралы шарт жасасу және Пермь медицина университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы шешім қабылданды. Бірлескен іс-шараларды іске асыру үшін өткізілген дөңгелек үстелдің үш тарапының өкілдерінен жұмыс тобы құрылады.