Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы мен ауруды дер кезінде алдын алу қажеттігін еске салады. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу адамзаттың ең маңызды проблемаларына арналады және әр жылы ерекше ұранмен өтеді. 2022 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы: “Біздің планетамыз-Біздің денсаулығымыз!». Бұл ұран адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау және қоғамдық денсаулығын белсенді түрде нығайту бойынша шұғыл әрекет етуді талап етеді.
Пандемия, планетарлық экологиялық дағдарыс, қатерлі ісік, астма және жүрек аурулары сияқты аурулардың әсерінен ДДҰ әлемдік қоғамдастықтың назарын адам денсаулығы мен планетаны қорғауға қажетті шұғыл шараларға аударуға және адамның әл-ауқатына бағытталған қоғам құру қозғалысын нығайтуға ниетті.
ДДҰ-ның бағалауы бойынша экологиялық сипаттағы алдын алуға болатын себептер жыл сайын әлемде 13 миллион адамның өмірін қиюда.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның (ауа, су, топырақ, тамақ) ластану деңгейі және денсаулыққа байланысты қауіптер адамзаттың әл-ауқатына нақты қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық күні – бұл өзінің әл-ауқатына-дені сау және мықты рухқа қамқорлық жасайтын, сондай-ақ болашақ ұрпақтың әл-ауқатына және дені сау ұлттың дамуына тікелей әсер ететін қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылатын әрбір адам үшін мереке.
Әр адам салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану қағидаларын берік ұстанғаны абзал. Сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерістен өту және дәрігер кеңесіне құлақ асқан орынды.