Бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында ҚДСҰО Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығының директоры Альберт Асқаров жедел орталықтың қызметі туралы таныстырылым жасап, коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Ол ҚР емдеуге жатқызу деңгейлерін бағалау матрицасы қалай құрылатынын, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы, өңірлер бойынша КВИ расталған және ықтимал жағдайларын тіркеу негізінде rt репродуктивті саны және т. б. жан-жақты айтып берді. Кездесу соңында Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.