Наурыз мейрамы қарсаңында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлерін белсенді жемісті жұмысы үшін марапаттады.
Кәсіподақ мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды:
Асқаров Альберт Мұхтарұлы – Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жедел орталығының директоры
Қожа Диас Бейбітұлы – Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бас маманы
Жазитов Қайрат Самратұлы – Стратегиялық жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің бас маманы
Аблахимова Алтын Айтпайқызы – Экономика және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы
ҚДСҰО ұжымы келе жатқан “Наурыз мейрамымен” бәріңізді құттықтайды! Бұл мереке Сіздердің отбасыларыңызға мейірімділік, молшылық пен байлық әкелсін!