2022 жылғы 28 ақпанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде эпидемиолог дәрігерлерге арналған «Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ)” бағдарламасы бойынша мамандандырылған курстың II кезеңін оқытуды бастады.
Бұрын мамандандырылған циклдің I кезеңі 2021 жылғы 1 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өткізілді, онда эпидемиологтар келесі тақырыптарды меңгерді: 8 кредит көлемінде (240 сағат) инфекциялардың алдын алуға және бақылауға кіріспе; ИАБ контекстіндегі микробиология негіздері; инфекциялардың берілу жолын ескере отырып, негізгі және арнайы сақтық шаралары; қалдықтарды басқару; үй-жайларды жинау және дезинфекция мәселелері; инъекцияның қауіпсіз техникасы; медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және т. б.
Осы оқыту онлайн форматта дәрістер мен практикалық талқылаулар түрінде өтеді. Сабақ барысында дәрігерлер тест сұрақтарына жауап береді, жағдайлық мәселелерді шешеді және жобалық жұмыстарды қорғайды.
ИАИБ бойынша курсқа Алматы қ. “Қалалық кардиологиялық орталық” ШЖҚ МКК, ҚР ДСМ “Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы” ШЖҚ КМК, Алматы қ. ҚДСБ “Қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасы” ШЖҚ КМК, “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми – практикалық орталығы” ШЖҚ РМК, ШҚО ДСБ “Семей қ. №3 емханасы “ШЖҚ КМК, ҚР ДСМ” ҚР Ұлттық фтизиопульмонологиялық орталығы ” ШЖҚ РМК және т. б эпидемиолог дәрігерлері қатысады.
Мамандандырылған циклдің II кезеңінің бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтиды:
• Қуық катетерімен байланысты инфекциялардың алдын-алу
• Қанайналым жүйесінің катетерімен байланысты инфекциялардың алдын-алу
• Тыныс алу жолы инфекцияларының алдын алу
• Хирургиялық жара инфекцияларының алдын алу
• ТЖ-ға дайындық және аурудың шығуына ден қою. Коронавирустық инфекция пандемиясының ИАБ-ты ұйымдастыруға әсері
• Сапаны басқару, мониторинг және қызметті өлшеу
• Медицина қызметкерлері, келушілер мен пациенттер және т. б. үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Мамандандырылған циклдің ұзақтығы 7 кредитті құрайды (210 сағат). ИАБ білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева.