ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Ғылым және кәсіби даму бөлімінің басшысы Қарлығаш Әскерқызы Раисова ҚР ДСМ “Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК-да “Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын бағалау” циклі бойынша біліктілікті арттырудан өтті.
Аталған оқыту білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасын жетілдіруге, қосымша медициналық білім беру саласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін профессорлық-оқытушылық құрам арасында алынған білім мен дағдыларды таратуға ықпал ететін болады.