2022 жылдың 15 ақпанында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері “Сертификаттау курстарының білім беру бағдарламасының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған нұсқаулық” семинарына қатысты.
Семинарға ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева, инфекциялық аурулар департаментінің директоры Қанат Текебаев, инфекциялық емес аурулар бөлімінің жетекшісі Қуандық Асқаров, инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларын мониторингілеу бөлімінің бас маманы Қуаныш Әлімбетов, ғылым және білім беру бағдарламалары менеджментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәншүк Әділова, Бактериялық инфекциялар және микробқа қарсы төзімділікті бақылау жөніндегі референс-зертхана меңгерушісі Зейнегүл Шәкенова және санитариялық-гигиеналық мониторинг басқармасының бас маманы Нысанғали Қожахметов қатысты.
“Бұл курс бізге сертификаттау курсының білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге де, сарапшыларға да айтарлықтай көмек көрсетеді. Семинарда бағдарламаның мақсатын дұрыс тұжырымдау, құзыреттілікті, оқыту нәтижелерін анықтау және т.б. мысалдар келтірілді”, – деді ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі б. ғ. д., профессор Бағдат Имашева.
Қазіргі уақытта ҚДСҰО және “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының қызметкерлері “Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі” Қазақстан медицина университеті ЖШС-мен бірлесіп келесі мамандықтар бойынша сертификаттау курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуда:
– микробиология,
– радиациялық гигиена,
– еңбек гигиенасы
– тамақтану гигиенасы.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. Оқытуды “С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті” КЕАҚ өткізді.