ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшысы Жанар Қалмақова Қазақстанда темекі шегу тәуелділігінің төмендеуі аясында және қабылданған заңнамалық нормаларға қарамастан, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында вейп эпидемиясы өсуде деп есептейді.
“Болашақта снюстерге тыйым салу секілді вейптардың айналымына қатаң тыйым салу, сондай – ақ, қыздырылған темекі мен оны тұтыну құрылғыларынан олардың кәдімгі темекіге толық теңестірілуіне байланысты акциздерді жинауды арттыру қажет”, – деп атап өтті Ж.Қалмақова.
Ол “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы”ҚР Кодексінің қолданыстағы мемлекеттік бақылау шаралары мен заңнамалық тетіктердің көмегімен халық арасында темекі шегуге қарсы күрестегі елеулі прогреске назар аударады.
Осылайша, 2009 жылы қабылданған және 2020 жылы күшейтілген “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексін енгізумен темекіні бақылау жөніндегі бірқатар мемлекеттік шаралар Қазақстанда темекі тұтынудың шамамен 7 пайызға төмендеуіне алып келді.
Осылайша, ҚДСҰО мәліметтері бойынша, егер 2007 жылы қазақстандықтардың шамамен 27% – ы темекі шегуге әуес болса, 2019 жылы темекі шегу ересек тұрғындар арасында 20,4% – ға дейін төмендеді. Қазір бұл жаман әдеттен ерлердің 36,5% және әйелдердің 6% зардап шегеді.
2014 және 2019 жылғы GATS (ДДСҰ Ғаламдық зерттеуі) зерттеулеріне сәйкес темекі шегушілер санының ерлер арасында 14% – ға айтарлықтай төмендеуі орын алды.
GATS сауалнамасының деректері бойынша, қазақстандықтардың 70% – дан астамы темекі шегуге тыйым салуды және темекі түтінінен бос орта құру жөніндегі шараларды қолдайды. Оның әсері 2014 жылдан 2019 жылға дейін колледждерде, университеттерде және медициналық мекемелерде 70% – дан астам, үкіметтік ғимараттарда және қоғамдық көліктерде – 50%, үй ішіндегі жұмыс орындарында – 40% – ға төмендеді, ал барлар мен түнгі клубтарда темекі түтінінің әсері 11,3% – ға өсті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/327152?lang=kk