2021 жылғы 09-10 желтоқсанда “Астана медицина университеті” КЕАҚ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына түрлі елдерден 80-нен астам маман қатысты. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының стратегиялық жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің бас маманы Қайрат Жазитов “Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы менеджмент” секциясына қатысып, “Коронавирустық инфекцияның иммунопрофилактикасын ұйымдастырудың медициналық-әлеуметтік аспектілері” тақырыбында баяндама жасап, I орынға ие болды.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ғылым және инновациялық қызметті дамытуға, ғылыми қызметпен белсенді айналысатын жас мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап айтқан жөн. Біздің қызметкерлер үнемі жетілдіріліп, халықаралық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.