ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында салтанатты жиналыс өтті

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында салтанатты жиналыс өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Басқарма төрағасы Қанат Асқаров ұжымды мемлекетіміздің бірлігі мен өркендеуінің, бостандығы мен күш-қуатының символына айналған еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірімен құттықтады.
“Менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Халықтың бостандығы мен ұлылығын білдіретін Тәуелсіздік мерекесі бәрімізге қымбат. Бұл күн Сіздерді еліміздің жалпы табысы мен гүлденуі үшін жаңа ашылулар мен қажырлы еңбекке шабыттандырсын!”, – деді К. Асқаров.
“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медаль алды:
• Имашева Бағдат Сәкенқызы – Басқарма төрағасының кеңесшісі
• Терлікбаева Гүлнара Сайлаубекқызы – бас маман
• Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жедел орталығы
“Денсаулық сақтау үздігі” және “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгілерімен марапатталды:
• Калмакова Жанар Амангелдіқызы – Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы
• Назарова Салтанат Әбдіқадырова – Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің басшысы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен” Алғыс хат ” – Таласбаева Күлпаш Темірболатқызы, Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жедел орталығының бас маманы
Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Қ. Асқаровтың атынан Құрмет грамоталары берілді:
• Дәулетбаев Аманжол Болатұлы – Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы
• Дүйсенов Бауыржан Бекенұлы – Сатып алу және заңды сүйемелдеу бөлімінің бас маманы
• Жұманова Мақпал Ерболатқызы – Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы

Сонымен қатар, ҚДСҰО-ның “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының 17 қызметкері медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталды..
ҚДСҰО филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан “Құрмет грамотасына”, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ералы Тоғжановтың атынан “Алғыс хатқа” ие болды.

Салтанатты іс-шараның соңында А. Қуатбаева қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен жанкешті еңбегін атап өтіп, бүкіл ұжымды келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады!