2021 жылғы 22-24 қараша аралығында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” жобасын іске асыру бойынша хабардарлықты және жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесімен бірлесіп, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдері, 700 өңірлік және мектеп үйлестірушілері үшін 3 күндік оқыту курсын өткізді.
Курстың ашылуының бірінші күні ДНЫЕМ ұлттық үйлестірушісі, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының (ҚР ДСМ ҚДСҰО) басшысы Жанар Калмакова сөз сөйледі. Ол “Мектеп қоғамдастығының денсаулығын нығайтуға жалпы мектептік көзқарас – сананы өзгерту қажеттілігі” тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан мектептеріндегі денсаулық пен әл-ауқатты нығайту үшін ДНЫЕМ бастамасын кеңейту тәжірибесі, Қазақстан мектептеріне арналған басшылыққа қосымшалар, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде ДНЫЕМ бастамасын енгізу жоспары туралы жан-жақты айтып берді.
“Өңірлік үйлестірушілер жергілікті басқару органдарымен және практикалық мамандармен байланыс және диалог арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептерді қолдауда басты рөл атқарады. Оқыту ел ауқымында “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” тұжырымдамасын іске асыру бойынша өңірлік және аудандық үйлестірушілердің әлеуетін нығайтуға бағытталған”, – деді Ж. Қалмақова.
Сондай – ақ, ол курстың басты міндеті – өңірлік және аудандық үйлестірушілерді денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер желісін дамытуға белсенді қатысуға және қолдауға қолдау көрсету және ынталандыру екенін атап өтті. Мектептерге арналған басшылықтың тұжырымдамаларымен және құралдарымен таныстыру, денсаулық және оны мектептерде нығайту мәселелеріне оқыту және т. б.