Жоғары буын менеджерлерін оқыту 2021 жылғы 18 қазанда басталып, 29 қазанға дейін созылды. Бағдарлама дәрістік материалды, тест сұрақтарын, жағдаяттық есептерді шешуді қамтыды және аудиториямен белсенді жұмыс жүргізілді.
Қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім алды: инфекциялардың алдын-алуды және бақылауды жүргізу ; инфекциялардың берілу жолын ескере отырып, негізгі (әмбебап) және арнайы сақтық шаралары; медициналық қызметкерлердің денсаулығын қорғау, кәсіби аурулар; МКБИ және контагиозды инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалау; төтенше жағдайларға дайындық және індетке ден қою және т. б.
Практикалық денсаулық сақтау саласындағы ҚДСҰО-ның жетекші мамандары COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу жүйесін жақсарту және инфекциялық бақылау жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде курстың дәріскерлері болды.
Оқу процесіне барлық тыңдаушылар белсенді қатысты, олардың ішінде: Алматы қаласы “Психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК директорының орынбасары Марат Асқаров, Алматы қаласы “Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы” ШЖҚ МКК эпидемиологиялық жағдай және инфекциялық бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасарының м. а. Баянсұлу Табинова, Қарағанды қаласының “Облыстық клиникалық ауруханасы” КМК инфекциялық орталығының басшысы Ержан Жүнісов, Қарағанды облысының “Саран қаласының орталық ауруханасы” КМК директоры Иван Ермолаев, Алматы қаласының “№2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы” ШЖҚ КМК эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Елена Вилкова және т. б.
Білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі – ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Имашева. Өз кезегінде ол үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгенін, дәрістің барлық материалдары мұқият талданып, сараптамадан өткенін атап өтті. “Біз оқуды бастауға 5-6 ай бойы дайындалдық. Алынған білім инфекцияның алдын – алу жүйесін жақсартуға және инфекцияны бақылауға көмектеседі деп сенемін”, – деді ол.
“Дәріскерлерге мазмұнды және пайдалы материал бергендері үшін үлкен рахмет. Маған өте ұнады. Жақында бізде аккредитация бар, сонда алған білімім маған көмектесетініне сенімдімін”, – деді Алматы қ. ҚДСБ “ҚЖШКА” ШЖҚ КМК бас дәрігерінің эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлнар Жантуова.
Цикл аяқталғаннан кейін ҚДСҰО Басқарма төрағасы Қанат Асқаров барлық тыңдаушыларға оқу процесінде белсенді жұмыс істегені үшін алғыс айтып, біліктілікті арттыру туралы куәліктерді табыс етті.