2021 жылғы 22 қазанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілдерімен кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлар, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ілгерілету мәселелері бойынша бірлескен қызмет пен ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде “2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімді” талқылау болды.
ҚДСҰО тарапынан Басқарма төрағасы Қанат Асқаров, Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, Басқарушы директор Мейрам Валеев және т. б. қатысты. ДДҰ-дан аға медициналық кеңесші Омар Салех, Ұлттық офицерлер Бибігүл Әубәкірова және Лаура Өтемісова қатысты.
Қанат Асқаров орталықтың жұмыс жоспарлары туралы айтып, COVID -19-мен күрестегі бірлескен жұмысы мен жемісті ынтымақтастығы үшін ДДҰ өкілдеріне зор алғысын білдірді.
“Бүгінгі отырыс тәжірибе алмасу және инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылау алаңына айналады”, – деді ол.
Кездесуде Бибігүл Әубәкірова мен Лаура Өтемісова “2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімді жоспарлау бойынша диалог” жобасын таныстырып, мақсаттары мен жоспарланған іс-әрекеттері туралы жан-жақты айтып берді.
Келісімнің негізгі басымдықтары – Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету (ДСҚЖҚ), төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау саласында қорғау және қсымша 1 миллиард адамның денсаулығын нығайту мен әл-ауқатын арттыру.
Кездесу соңында тараптар ұсыныстарды талқылап, пікір алмасты және одан әрі өзара іс-қимыл туралы келісті.