2021 жылғы 18 қазанда жоғары буын менеджерлерін COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу мен инфекциялық бақылау жүйелерін (ИАИБ) жақсарту жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде оқыту басталды.
Ұйымдастырушы – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Қанат Асқаров құттықтау сөз сөйледі. Ол курс тыңдаушыларын құттықтап, Қазақстан Республикасындағы Колумбия университетінің Майлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің басшылығына алғысын білдірді.
“Ұсынылған материалдар инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді деп үміттенемін. Материалды жақсы меңгеруді, бірлесіп белсенді талқылауды және инфекциялық бақылау қызметін дамыту үшін дұрыс бағытты қабылдауды тілеймін”, – деді ол.
ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ИАИБ Үйлестіруші орталығының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Бағдат Имашева тыңдаушыларға оқытудың мақсаты мен міндеттері мен форматы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол тыңдаушыларды курс лекторларымен таныстырды.
Сабақты ҚР ДСМ ҚДСҰО ИАИБ ҮО жанындағы Консультативтік кеңестің сарапшылары өткізеді. ҚДСҰО Денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған “Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ)” білім беру бағдарламасын әзірледі.
Дәріс қашықтықтан өткізіледі және ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жалғасады. Оқытуға Алматы қ., Жамбыл, Қарағанды, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда және т. б. қалаларының бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысады. Оқудың нәтижесі бойынша біліктілікті көтеру туралы куәлік беріледі.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасындағы Колумбия университетінің Майлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы (бұдан әрі – ICAP) әлемнің 30-дан астам елінде Денсаулық сақтау жүйелерін күшейту мәселелері бойынша денсаулық сақтау министрліктеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін, оның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық тәсілдерді әзірлеу және практикаға енгізетін ірі халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады.