Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен СЭСжМҒПО филиалының мамандары COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу кезінде ИАИБ-дың қағидалары және тәртіптері туралы вебинар өткізді. Вебинарға ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің, СЭСжМҒПО филиалының, Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің аймақтық департаменттері мен басқармаларының мамандары және медициналық ұйымдар қатысты.
Вебинардың бағдарламасына сәйкес, ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының ИАИБ бойынша техникалық офицеры А.П. Коутиньо Рехе ИАИБ қағидаларының сұрақтары қаралған баяандама жасады.
СЭСжМҒПО филиалы директорының оперативті жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Смагул., ҚР ИПИБ-дың қағидалары және тәртіптеріндегі күші бар нормативті-құқықтық негіздің сұрақтарын, ИПИБ қағидаларын және тәртіптерін сақтаудың қазіргі жағдайын, ҚР медициналық ұйымдарында бар проблемаларды өзінің баяндамасында ашып айтты. Вакцинациялау кампаниясы кезінде стандартты сақтық шараларына және медициналық ұйымдарды мониторингтік тексеру кезінде анықталған кемшіліктерге тоқталды.
Сонымен қатар COVID-19-ға қарсы қауіпсіз иммунизацияға ИАИБ шаралары туралы қоғамға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу өзектілігі қаралды.
Вебинарға қатысушылар COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу кезінде ИАИБ-дың қағидалары және тәртіптері жөнінде өзекті мәселелерді көтерді. Вебинарға қатысушыларда білікті мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болды.