Бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) өкілдері келді.
Кездесуде CDC аймақтық кеңсесінің қызметі және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ҚДСҰО-мен ынтымақтастық талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында инфекциялық ауруларды анықтау, алдын алу және қауіп-қатерлерге ден қою жүйесін күшейту шеңберінде болашақ жобалар жоспарланды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Қанат Асқаров, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) Орталық Азия Кеңсесінің өңірлік директоры Дэниэль Сингер және басқалар төтенше жағдайлар кезінде туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығы мен уақтылылығын атап өтті.
Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталықтың әлеуетін одан әрі күшейту келешегі талқыланды.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ бойынша Жедел орталық ҚР биологиялық, радиологиялық және химиялық қауіпсіздігі саласындағы оқиғаларды жинау, талдау және болжау процесінде ҚДСҰО-ның негізгі бөлімшесі болып табылатынын атап өтеміз.