Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Дәулет» теннис орталығында «BATYL» коммерциялық емес ұйымының ұйымдастыруымен және Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі мен БҰҰ Балалар қорының (#ЮНИСЕФ) қолдауымен «Балалар фестивалі» өтті.
Іс-шараға 60-қа жуық бала қатысты, оның ішінде инклюзивті теннис тобының балалары да бар. Балалар фестивалі кезінде балалар мен олардың ата-аналарына позитивті тәрбие беру бойынша бірқатар шеберлік сыныптары өткізілді.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Әбдірахманова шеберлік класын өткізу барысында балалардың салауатты өмір салтының негізі отбасында басталатынын және мұнда мектептер үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Сарапшы балалардың дұрыс тамақтануы бойынша кеңестер берді: жоғары калориялы тағамдарды, қантты, майлы және/немесе тұзды тағамдарды шектеу, ас үлесіне көкөністер, жемістер, дәнді дақылдарды көбірек қосу, тұзды тұтынуды күніне 5 граммнан асырмау, қант тұтынуды шектеу және т.б. Сонымен қатар, балалық шақтан пайдалы тамақтану – баланы емізу екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Балалар фестивалі» ЮНИСЕФ-тың #ItsAllAboutAbility кампаниясы аясында өтіп жатыр.