Темекіні шегу көбінесе жас кезден басталып, жастар арасында көбейеді.
Қазақстанда 2019 жылғы ҚДСҰО жүргізген Темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасының деректері бойынша 15-18 жастағы 23 000 бала темекі шегеді
18 және одан кіші жастағы 16530-дан астам бала күн сайын темекі және күніне 13-ке жуық темекі шегеді
Темекінің денсаулыққа салдары
Жастардың темекі шегуі бірден және есейгенде денсаулығына жаман әсер етуі және өлімге әкелуі мүмкін. Темекі шегетін жастарда никотинге тәуелділік, өкпе қызметінің төмендеуі, өкпе өсуінің төмендеуі, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерте зақымдануы қаупі бар.
Никотинге әсері жасөспірімдердің миының дамуына ұзақ әсер етуі мүмкін. Темекі шегу балалар мен жасөспірімдерде ентігіп дем алуына және шыдамдылықтың төмендеуіне әкелетіндіктен, спорттық көрсеткіштерге және басқа да физикалық белсенді әрекеттерге әсер етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі бағыттарында темекіге қарсы күрес аспектілеріжәне темекі шегудің таралуын, оның ішінде никотинді, вейпингті жеткізудің электрондық жүйелерін шектеу және азайту жөніндегі шаралар қамтылған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен 2021 жылғы мамырда бір ай бойы республика өңірлерінде 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекісіз күніне орайластырылған «Темекіден бас тартатын уақыт келді” ұранымен “Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!” ұлттық бағдарламасының шаралары өткізіледі.
Бағдарлама әртүрлі жастағы топтардың тұрғындарын темекі тұтынудың және пассивті темекі шегудің зиянды және өлімге әкелетін салдары туралы кеңінен ақпараттандыруға, темекі тұтынудың кез-келген түрінде төмендеуіне ықпал етуге, сондай-ақ темекі тұтынуды азайту бойынша практикалық жұмыста әртүрлі секторлар өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігіне негізделген. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында темекіге қарсы күрес аспектілері енгізілді және темекі шегудің таралуын, оның ішінде никотинді, вейпингті жеткізудің электрондық жүйелерін шектеу және азайту жөніндегі шаралар қамтылды.
Бағдарлама әртүрлі жастағы топтардың тұрғындарын темекі тұтынудың және пассивті темекі шегудің зиянды және өлімге әкелетін салдары туралы кеңінен ақпараттандыруға, темекі тұтынудың кез-келген түрінде төмендеуіне ықпал етуге, сондай-ақ темекі тұтынуды азайту бойынша практикалық жұмыста әртүрлі секторлар өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігіне негізделген.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде Қазақстан өңірлерінде темекі тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық, оқыту іс-шаралары жүйелі түрде өткізіледі.
Темекі індетіне қарсы күрес – денсаулық сақтаумен қатар білім беру жүйесі, Ішкі істер органдары, ҮЕҰ және т. б. жүргізілетін үлкен сектораралық жұмыс.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы баспасөз қызметі