Нұр -Сұлтанда “Темекі тарту туралы шындық” атты интерактивті көрме өтуде
Жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) мен «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы (бұдан әрі – Коалиция) «Темекі тарту туралы шындық» интерактивті көрмесін өткізеді.
Экспозиция темекі өнімдерінің, соның ішінде темекі индустриясының зиянсыз және қауіпсіз деп көрсететін жаңа өнімдер (IQOS, GLO, вейптер) зияндылығын түрлі-түсті әрі айқын көрсетеді.
Көрме «Нұр-Сұлтан» қаласының орталық саябағында 5 маусымға дейін жалғасады және ары қарай Теміртау, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындары көре алады.
Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағы.
@healthcare.gov.kz @whokazakhstan