Алматыда Орта Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (СDC/ОАОО) техникалық қолдауымен өткізілетін Халықаралық медициналық-санитариялық ережелердің жол картасы (ХМСЕЖ) және Жаһандық денсаулықты қорғаудың бағдарламасы (ЖДҚБ) мәселелері бойынша зертханалық бөлімді іске асыру бойынша кеңес жұмысын 24 мамырда онлайн режимінде бастады.
Кеңес жұмысына ҚР ДСМ ҚДСҰО “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының мамандары, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, СDС/ОАӨ өкілдері қатысады.
Жиынға қатысушыларға ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы Жәмила Баттақова құттықтау сөз сөйледі.
Зертханалық қызметті нығайту сапа саласындағы зертханалар үшін стандарттарды енгізуге негізделуі тиіс. Мұндай стандарттарды енгізу оқытылған қызметкердің, тиісті инфрақұрылымның, жабдықтардың, реагенттердің және шығыс материалдарының болуын талап етеді. Осы компоненттердің барлығын ұлттық орган денсаулық сақтау жүйесінің зертханалық қызметі үшін ұлттық саясат пен стратегия негізінде бөліп көрсетуі және үйлестіруі керек.
Бүкіл әлемде COVID-19 пандемиясына, сондай-ақ эпидемиялық, пандемиялық таралудың жекелеген жағдайларында жаңадан пайда болған инфекциялардың (Эбола, Зика қызбасы, пандемиялық әлеуеті бар тұмау, басқа да аса қауіпті вирустық инфекциялар), лаңкестік жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты ХМСЕ-нің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерге елдердің алдын алу, анықтау және бірлесіп жауап қайтару жоспарындағы рөлі мен маңызы едәуір артып келеді.
ҚР ДСМ ҚДСҰО СЭСжМҒПО филиалы директорының м.а. Гаухар Нүсіпбаева өзінің алғы сөзінде барлық медициналық шешімдердің 60-70% – ы зертханалық зерттеулер нәтижелеріне негізделгенін, зертханалық диагностика инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу бойынша шараларды ерте анықтауда және уақтылы қабылдауда шешуші рөл атқаратынын, осыған байланысты зертханалық диагностика мәселелері ХМСЖ және ЖДҚБ іске асыру жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларына кіргенін айтты. ХМСЖ тізіміне сәйкес аурулардың диагностикасын жақсарту шеңберінде Қазақстанда өңірлік маңызы бар жаңа және жаңадан пайда болатын инфекциялық аурулардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу және өзектендіру ұлттық зертханалық қызметтің, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде тез әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Кеңес модераторы Гаухар Нүсіпбаева аталған алаң алдағы жұмыс үшін жақсы серпін болуы тиіс екенін атап өтті.
Кеңеске қатысушылар кеңес жұмысы күндері зертханалық қызметтің тәжірибелі мамандары әзірлейтін әдістемелік ұсынымдар өзіне зертханалық диагностиканың ең заманауи әдістерін енгізеді, халықаралық ұйымдардың, зертханалық қоғамдастықтардың ұсынымдарын ескереді және Қазақстан Республикасының зертханалық қызметі үшін өте маңызды және талап етілетін құжаттар болады деген ниетін білдірді.
Кеңес 2021 жылғы 24-27 мамыр аралығында өтеді.