Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен 2021 жылғы мамырда республика өңірлерінде “Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!” ұлттық бағдарламасының 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекісіз күніне орайластырылған “Темекіден бас тартатын уақыт келді” ұранымен шара өткізіледі.
Семинар жұмысын ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрайымы, м.ғ. д., профессор Жәмилә Баттақова ашты. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының 60 өкілі, емханалардың, Денсаулық мектептерінің, темекіге қарсы орталықтар мен клиникалардың және т. б. медицина қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты – медициналық ұйымдардың, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандарын темекі тұтынудың және пассивті темекі шегудің зиянды және өлімге әкелетін салдары туралы кеңінен хабардар ету, темекі тұтынудың кез келген түрін қысқартуға жәрдемдесу, темекі тұтынудың өңірлік көрсеткіштері және темекіні бақылау шаралары туралы хабардар ету, сондай-ақ темекі тұтынуды азайту бойынша практикалық жұмыста әртүрлі секторлар өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі.
Осы мәселе бойынша ДДҰ темекі тұтынуды азайту науқанын өткізуге бастама болды. Семинарда ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің кеңесшісі Лаура Времиш “Темекіден бас тартуға ұмтылатын адамдарды қолдау. Сандық құралдар» презентациясын көрсетті.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің бас маманы Әсел Адаева Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығымен ынтымақтастықта ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен өткізілген “2019 жылы Қазақстанда темекіні тұтыну туралы Ересек тұрғындарға жүргізілген жаһандық сауалнаманың нәтижелері: Дүниежүзілік темекісіз күн контексінде” атты баяндамасын ұсынды.
“Қазақстанда 2019 жылы темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасы: Қазақстан өңірлері бойынша нәтижелер” тақырыбында ҚДСҰО Ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова баяндады.
Жәмилә Баттақова қатысушыларға алғысын білдіріп, семинар темекіні тұтынудың алдын алу, темекі өнімдеріне сұраныстың төмендеуі бойынша жұмыста пайдалы және ынталандырушы болатынын және өңірлер мен жалпы елде салауатты өмір салтына ықпал ететінін атап өтті.