2021 жылғы 20 мамырда Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен және “КАМЕДА” қоғамдық қорымен серіктесіп, Қазақстан Республикасының перинаталдық орталықтары мен балалар ауруханаларында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау және сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйесіне қолжетімділік мәселелері бойынша техникалық онлайн кеңес өтті.
Кездесудің мақсаты – жеті перинаталдық орталықта және жеті балалар ауруханасында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Қарағанды қалалары) инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау және сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйесіне қолжетімділікті бағалау бойынша шараларды бағалау нәтижелері мен ұсыныстарын ұсыну және талқылау.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқармасының төрайымы Жәмила Баттақова құттықтау сөз сөйледі.
ҚДСҰО басшысы ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдіріп, жаңа биологиялық қауіп-қатерлер туындаған жағдайда эпидемиологиялық қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша қосымша іс-шаралар, оның ішінде МКБИ-дің жетекші нозологиялық нысандары жағдайларының стандартты анықтамаларын әзірлеу және енгізу, Қазақстанда МКБИ-ді бақылау құралын жақсарту талап етілетінін атап өтті.
Қазіргі уақытта МКБИ-ді қадағалаудың ұлттық бағдарламасы үшін ақпараттық жүйе құру бойынша шаралар қабылдануда, Қазақстанда мамандарды тереңдете даярлау үшін түрлі мамандықтар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу.
“Біз жеті перинаталдық орталық пен жеті балалар ауруханасында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Қарағанды қалалары) инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау және сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйесіне қолжетімділікті бағалау бойынша жүргізілген бағалау ҚР-дағы ИАИБ бойынша жүйе мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін жаңа деректер бере алатынына сенімдіміз және осы кеңес жаңа білім мен тәжірибе алуға арналған алаң болады”, – деді ол.
ССГ мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы Кәмшат Түсіпова “Жеті перинаталдық орталықта және жеті балалар ауруханасында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Қарағанды қалалары) суға, санитария мен гигиенаға қолжетімділікті бағалау (ССГ)” тақырыбында баяндама жасады.
“Акушер-гинекологтар мен неонатологтар Конгресі” ҚҚ атқарушы директоры Зоя Ан жеті перинаталдық орталық пен жеті балалар ауруханасында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Қарағанды қалалары) инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша бағалау нәтижелерін айтып берді.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға “медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қол гигиенасы” видеосы көрсетілді. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі роликті ҚДСҰО сайтынан https://hls.kz/archives/30634 көруге болады.