2021 жылғы 12 мамырда Қазақстандағы зертханалық қызмет көшбасшыларын даярлау жөніндегі GlobalLaboratory Leadership Programme (GLLP) бағдарламасының ашылу салтанаты онлайн режимінде өтті.
Конференцияның модераторы ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы Жәмила Баттақова осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
GLLP бағдарламасының мақсаты дамушы және жаңа көшбасшыларға/зертхана жетекшілеріне елдерде ұлттық зертхана жүйелерін құру, нығайту және қолдау үшін дамуға жәрдемдесу және тәлімгерлік қолдау көрсету болып табылады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Қиясов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының бас директоры М. Берліқұлов, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Dr. Caroline Clarinval, АҚШ-тың Қазақстандағы және Орта Азиядағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Dr. Daniel Singer және т. б. қатысты.
Өз сөзінде Ерлан Қиясов зертханалық қызмет көшбасшыларын даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Қазақстан GLLP енгізіп жатқан 3 елдің бірі және Орталық Азияда бірінші ел екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы фасилитаторлары мен қатысушыларын іріктеуден сәтті өтуде құттықтап, оларға табыс тіледі. “Сіздің осы бағдарламадағы алған біліміңіз ҚР-дағы зертханалық қызметті жетілдіру ісінде табысты қолданылатын болады. Пандемия кезінде ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық зертханаларының әлеуеті пайдаланылды. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде медициналық және ветеринариялық зертханалардың мәртебесі бірдей. Сіз шынымен зертханалық көшбасшы болатындығыңызға сенімдіміз”, – деді ол
Ағымдағы жылы бағдарламаның көшбасшыларды даярлау жөніндегі 9 бағытының ішінен I фаза – 2 міндет іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде ҚДСҰО “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” (бұдан әрі – СЭСжМҒПО) филиалының базасында ДДҰ техникалық қолдауымен “сапаны басқару” және “биоқауіпсіздік” және “биоқорғау” 2 құзыреттілік енгізілетін болады
Жәмила Баттақова зертханалар ауруларды анықтау, диагностикалау, емдеу және бақылауда маңызды рөл атқаратын денсаулық сақтау және ветеринария жүйесінің ажырамас және елеулі бөлігі болып табылатынын атап өтті. Денсаулық сақтаудың тұрақты Ұлттық зертханалық жүйесін құру үшін мықты көшбасшылар / зертхана жетекшілері және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің құрамына кіретін білікті мамандар қажет екенін атап өтті.
2021 жылдың соңына дейін бұл бағдарламада болашақ 15 көшбасшы/зертхана басшысы және 8 тәлімгер оқитын болады.