“Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ДДҰ, 2005) және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың 2019-2023 жылдарға арналған ғаламдық бағдарламасын іске асыру” Жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) орындау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы ұйымдастырылды, оның құрамына 10 мемлекеттік орган мен халықаралық ұйымдардың (ДДҰ, СДС/ОАӨ) сарапшылары мен өкілдері кіреді.
2021 жылғы 06 мамырда ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК мамандарының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 27-30 сәуірде Алматы қаласында Жол картасының 15-бөлімінің іс-шараларын орындау шеңберінде өткізілген “Ақпараттық жүйелер” тренингінің қорытындысы бойынша онлайн кеңес өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ): Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев, ДСМ Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының (бұдан әрі – ҚДСҰО) Басқарма төрайымы Жәмила Баттақова, Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жедел орталығының бас маманы Гүлнар Терлікбаева, ҚДСҰО цифрландыру және биостатистика бөлімінің басшысы және бас маманы Әсел Абақова мен Жәнібек Ерубаев; “Санитарлық эпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының орынбасары Манар Смағұл қатысты;
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ЦДИАӨМ): ҚР ЦДИАӨМ Вице – министрі Әсет Тұрысов, ҚР ЦДИАӨМ Министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова, ҚР ЦДИАӨМ цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков, сондай-ақ Орталық Азиядағы Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі американдық орталықтардың (СДО/ОАӨ) директоры доктор Дэниел Сингер, СДО/ОАӨ эпидемиологы Гүлжан Мұратбаева қатысты.
Кеңес барысында қатысушылар “COVID-19 бақылау орталығы” веб қосымшасын жетілдіру мәселелерін талқылады, химиялық (токсикологиялық) және радиологиялық қауіпсіздік бойынша ақпараттық жүйені құру мүмкіндіктерін зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстар; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша микробиологиялық зертханалар желісінде WHONET ақпараттық жүйесін (микробиологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша деректерді өңдеуге және алмасуға арналған дерекқорды бағдарламалық қамтамасыз ету) енгізу туралы және “Ауруларды қадағалаудың электрондық интеграцияланған жүйесі” ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау жүйесінде одан әрі өнеркәсіптік іске асыра отырып аттестаттаудан өткізу туралы ақпараттық қауіпсіздікке «Жедел хабарлау» ақпараттық жүйсесін сынақтан өткізу мүмкіндігі қаралды.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша тараптар ҚР санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру үшін ынтымақтастық стратегиясын әзірлеуге ниетті екендерін білдірді.