22.04.2021 жылы ҚР ДСМ “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК базасында онлайн-форматта Қазақстанда өткен жылдары қызылшаның өршу нәтижелерін бағалау және қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау жүйесін нығайту негізінде қызылшаның өршуіне кешенді ден қою мәселелерін талқылау мақсатында ЮНИСЕФ өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.
Жәмила Баттақова Қазақстанда қызылшамен аурушаңдықтың көп жылғы динамикасы мен қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ аурушаңдықты төмендету, халықты қызылшаға қарсы вакцинациялаумен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар туралы материалдарды көрсетті.
ЮНИСЕФ аймақтық кеңсесінің иммундау бағдарламаларын қолдаудағы рөлі туралы аймақтық офистің иммундау жөніндегі маманы Светлана Стефанет атап өтті.
ҚДСҰО Басқарма төрайымы қызылшаның пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынуымен қауіпті екенін, олар медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда және қатар жүретін аурулардың болуы өлімге әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ауру қаупі 95% – дан төмен популяциялық иммунитеті бар кез келген әкімшілік аумаққа қауіп төндіреді. Індетке дер кезінде және кешенді ден қою шаралары болмаған жағдайда вирус тек ел аумағында және одан тысқары жерлерде ғана емес, халықтың одан қорғалмаған топтарын кеңінен зақымдайды және халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай тудырады.
Барлық қатысушылар қызылшадан жалғыз және экономикалық тиімді қорғау кемінде 95% қамту арқылы вакциналау болып табылатынын бір ауыздан атап өтті.
Қазақстанда қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцинамен (ҚКП) вакциналау 12-15 ай жасында және ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар, ұсынылған құжаттар мен талқылау нәтижелері негізінде Қазақстанда қызылшаны эпидемиологиялық қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін хаттама мен ұсынымдар жобасы жасалды.