ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай осы күн мереке деп жарияланды. Бұл мерекенің ерекшелігі сол, көктемнің алғашқы күні – жаңарудың, жаңғырудың бастамасы. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне қиын уақытта қолдау көрсетіп, қолдағаны үшін алғыс айтуды әдетке айналдырды.
Алғыс айту күніне орай ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Олар өз кезегінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, барлық жақсылықты тіледі.
Қайырымдылық – бұл қиын уақытта қамқорлық пен ізгіліктің айқын көрінісі, адамнан адамға жақсы ниеттер мен адамгершілік құндылықтарды көрсетеді.