2021 жылы 9 сәуірде ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» атты республикалық вебинар өткізілді.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова республикалық вебинарға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Зәуреш Жұмаділова бүгінде мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған заң жобасы ҚР-да биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазақстан мен бүкіл әлем бастан кешіп жатқан қазіргі күрделі пандемия жағдайында заманауи қорғаныс құралдарын енгізуді және олардың тұрақтылығын арттыруды қоса алғанда, биологиялық қорғау жүйелерін жетілдіру қажеттілігі туындады. СЭБ комитетінің басшысы заң жобасына ұсыныстар енгізу қажет болған жағдайда аумақтық департаменттердің мамандарына жүгінді.
– 2020 жылы республикада нозологиялық нысандардан халық арасында тырысқақ, оба, туляремия аурулары тіркелген жоқ. Сібір жарасымен сырқаттанушылық 3,5 есеге, бруцеллез 39,1%- ға, туберкулез 20,8% – ға, құтырма 2 жағдайға, лептоспирозбен сырқаттанушылық 3,0 есеге төмендегені байқалады, – деді Жәмила Баттақова.
ҚР ДСМ ҚДСҰО СЭСжМҒПО филиалы директорының оперативті жұмыс жөніндегі орынбасары Манар Смағұл вебинарға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
«Бүгінгі вебинар өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу және талқылау алаңы болды, ҚР облыстары мен қалаларындағы эпидемиологтар, зоологтар және дезинфекционистер талқылауға қатысты», – деді ол.
Вебинарда, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарлары мен кенелері арасында КҚГҚ вирусының таралу мәселелері талқыланды, Қазақстан Республикасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша 2020 жылғы эпизоотиялық және эпидемиялық жағдай, Қазақстан Республикасында құтырма ауруы бойынша 2020 жылғы, сібір жарасы бойынша 2020 жылғы эпизоотиялық және эпидемиялық жағдай қаралды, аса қауіпті инфекцияларды зертханалық диагностикалаудың проблемалық мәселелері көтерілді.
Вебинар соңында тыңдалған баяндамалар талқыланып, пікір алмасты.