Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық ұйымның тіркелген халықты коронавирустық инфекциядан жаппай вакцинациялауға дайындығын тексеру мақсатында елордалық № 4 емханада болды.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» және Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Министр жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілетінін еске салды. 2021 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны – «Дені сау әлем құрайық».
Емхана ұжымына арнаған сөзінде А. Цой білікті медициналық кадрлар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сенімді жүйесі адамдарға «Үйдегі дәрігер» қағидаты бойынша медициналық ұйымдарға қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қашан және қай жерде қажет болса да қызметтерді алуға мүмкіндік беру үшін негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ол барлық медициналық ұйымдардың басшыларын халыққа сапалы денсаулық сақтау қызметтеріне, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға қол жеткізуге шақырды.
«Әлемде де, біздің елімізде де күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықты өз денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілік танытуға және тіркелген жері бойынша емханаларда вакцинациядан өтуге шақырамын. ДДҰ-ның үндеуі – «Қорғау. Көмектесу. Күш-жігерді біріктіру» бәрімізге ортақ болады», – деді министр.
Қазақстан Республикасында 1 ақпаннан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік “Спутник V” вакцинасымен вакцинациялау басталды. Сонымен қатар, елде әртүрлі өндірушілердің бірнеше вакциналары қолданылады.
Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация, БМСК бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлері 100 мың адамға вакцина алды. Екінші кезеңде күш құрылымдарының педагогтары мен қызметкерлері егілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы екпелер халықтың неғұрлым кең топтарына, студенттерге, 60 жастан асқан халыққа және МСАК ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерге қолжетімді болады.
Республиканың барлық емханаларында, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып, егу кабинеттері ұйымдастырылды.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге қызметкерлер оқытылып дайындалған. Барлық медицина қызметкерлері қарсы көрсетілімдермен және вакцинацияның ықтимал жанама әсерлерімен танысты.