2021 жылы 1 сәуірде академиялық қоғамдастық арасында хабардар болуды арттыру мақсатында онлайн-семинар өтеді. Ұйымдастырушылар: «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығы және Қазақстандағы БҰҰДБ.
Семинарда химиялық заттарды басқару бойынша өзекті мәселелер қаралады. Семинар барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері ДДСҰ-ның «Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияның жекелеген елдерінде химиялық заттарды ұтымды басқару үшін Ұлттық жүйелердің негізгі элементтерін құру» жобасы жұмысының нәтижесі туралы «ДДСҰ жобасы аясында химиялық заттар мен қоспалар тізіліміне мәліметтер енгізу жөніндегі пилоттық бағдарлама» презентациясын көрсетеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркеу нысанын мына поштаға жіберу керек csd.projects1@gmail.com. Байланыс жасайтын адам – Изимбергенова Айкуркем, +7 777 595 07 94
Жүктеу: Семинар бағдарламасы