Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Dombra party» өткізді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Президент Әкімшілігінің Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Asyk party» және «Dombra party» өткізді. Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шарада домбырада күйлер тартылды және аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалды.

Асық ату — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке баулу, балаларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу, асық ату ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту, қазақтың ұлттық ойынын жаңғыртып, меңгерту, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.