Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының “Санитарлық– эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми–практикалық орталығы” филиалының директоры м.а. М.А.Смагул Zoom платформасында 2021 жылдың 19 наурызында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған «2022 жылдың мақсаты туберкулез ауыртпалығын азайту. Кәзіргі сын – қатерлер мен жауаптық шаралар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Қазақстандағы туберкулездің алдын алу шараларын бақылау тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандар, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Конференцияда талқыланған басқа да тақырыптар:Қазақстанның ұлттық туберкулез бағдарламасындағы жетістіктер мен сын-тегеуріндер, Қазақстан Республикасындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы, Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу. Қазақстандағы туберкулезға қарсы іс-қимылда жаһандық қордың грантын іске асыру. Жетістіктер, проблемалар, болашақ перспективалар.ТБ/АИТВ ауыратын науқастарға медициналық көмектегі өзекті мәселелер. «Уақыт өтіп жатыр. Тиісті инвестициялармен біз өмірді сақтап, туберкулезді жоя аламыз» атты тақырыптар.