ҚДСҰО және БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) ынтымақтастық мәселесін талқылады

2021 жылы 18 наурызда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) сексуалдық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Серік Тәңірбергеновпен кездесу өтті.

ҚДСҰО тарапынан Басқарма төрағасы Жәмила Баттақова, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева, жастар мен балалар денсаулығын нығайту бөлімінің басшысы Раушан Бердібекова және т.б. қатысты.

Тараптар Жастар денсаулық орталықтарын дамыту және гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету ниеттерін білдірді.

Жазира Ембердиеваның айтуынша, бұл ынтымақтастық Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында жасөспірімдер мен жастарға коммуникация және медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету үшін жастар денсаулық орталықтарының желісін кеңейтуге, сондай-ақ жастардың сексуалдық ағарту және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.