12 наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК директоры Жәмила Баттақова жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына барды.
СЭСжМҒПО филиалына 67 жылдан астам уақыт болды. Ол республикалық және халықаралық жоғары наградалармен марапатталған. Филиалдың бағыты – санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау, санэпидсараптама жүргізу, қоғамдық денсаулық сақтау саласында ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету. СЭСжМҒПО зертханалары «референс» мәртебесін алған, яғни сыртқы қызметтер көрсетіп, консультация жасай алады, оқыта алады, әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ете алады.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов СЭСжМҒПО филиалын «Кадрлар ұстаханасы» деп атады, филиал қызметкерлеріне кәсібилігі мен өз ісіне адал берілгені үшін ерекше алғыс айтты. Ол жаңа жағдайды ескере отырып, жобалық басқару қажеттілігін, сондай-ақ кәсіпорынның санитариялық-эпидемиологиялық қызметін, зертханалық кешенді және ғылыми жұмысын дамытудың жаңа тәсілдерін, халықаралық ынтымақтастықты жетілдіруді атап өтті.
Орталықтың даму перспективаларын талқылау барысында шешуді талап ететін проблемалық мәселелер айтылды, қолда бар зертханалық және клиникалық жүйелерге сәйкес популяциядағы антиденелердің серопозитивтілігін эпидқадағалау мәселелері бойынша қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалды.