Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Алматыға іссапармен барып, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты жетекші ғылыми орталықтардың филиалдарымен танысты.
Сапар аясында Е.Қиясов ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалына барды.
СЭСМҒПО мамандары эпидемияға қарсы іс-шара өткізу, халықаралық ынтымақтастық, зертханалық диагностиканы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Вирустық инфекцияларды бақылау зертханасы COVID-19 диагностикасы бойынша референс-орталық.
Вице-министр референс-зертхана базасында, әсіресе шетелден келген адамдар арасында SARS-COV-2 (мутация) жаңа түрін диагностикалауға бағытталған ПТР-скрининг әдісін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, вирустың мутациясын бақылау және жаңа штаммдарды анықтау мақсатында SARS-COV-2 вирусын толық геномдық зерттеу бойынша жұмысты бастауды тапсырды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері “Пастер атындағы Санкт-Петербург эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтымен” COVID-19 антиденелерінің таралуын зерттеу бойынша ынтымақтастық мәселесін де көтерді.
Вице-министр ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жанындағы ұлттық сараптама орталығының құрылымдық бөлімшесі және зертханалық зерттеулер мен санитарлық–эпидемиологиялық сараптама жүргізетін ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы бойынша филиалына да барды.
Филиал құрамында 5 бейінді зертхана және жоғары технологиялық зертхана бар.
Сондай-ақ, Вице-министр ҚР ДСМ “М.Айқымбаев атынағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК жұмысымен танысты. Кездесуге қатысушылар орталықтың және оның 9 филиалының Сovid-19-ға қарсы күрес жолында даму перспективаларын, аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мен мониторингі бойынша ғылыми зерттеулерді тереңдетуді, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, иммундық-биологиялық препараттардың отандық өндірісін құруды талқылады.
“2020 жылы АҚИҰҒО зертханасының орталық референті еліміздің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі маңыздылығына көз жеткіздік. Қазақстандық ғалымдар мен ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының филиалы Сovid-19 диагностикалық праймерлерін синтездеді”, – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Жалпы, сапар барысында білім, ғылым және практиканы одан әрі дамыту, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің тиімді трансферті, аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін зертханаларды әдістемелік қолдау мәселелері талқыланды.