2021 жылы 24 ақпанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) мен ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік офисі өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар Қоғамдық денсаулық сақтау, аналардың, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, темекі шегуге қарсы күрес жөніндегі іс – шараларды іске асыру, инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша бірлескен вебинарлар өткізу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша бірлескен ақпараттық-коммуникациялық науқандарды ұйымдастыру және басқа да бағыттар мәселелерінде одан әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.
ҚДСҰО тарапынан директордың м.а. Жәмила Баттакова, директордың орынбасары Айнагүл Қуатбаева және халықаралық бөлім басшысы Дана Әбелдинова қатысты.
Жәмила Баттакова ДДСҰ ресми өкілі – Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы, д-р Кэролайн Кларинвальге COVID-19 пандемиясына қарсы күрес кезінде халық денсаулығын қорғау мәселелерінде ҚДСҰО-ға көрсеткен ынтымақтастығы және жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол STEPS, GATS, HBSC, COSI, GYTS сияқты ағымдағы зерттеулер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Өз кезегінде, инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ПИИК) мәселелері жөніндегі ДДСҰ консультанты Виталий Стецик Қазақстанда 7 ай ішінде ПИИК бойынша ҚДСҰО мамандарымен бірлесіп осы бағытта атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Атап айтқанда, ол Қазақстанның 2020 жылдың қазан айында ДДСҰ-ның ПИИК жөніндегі нұсқаулығын енгізген алғашқы ел болғандығын, осылайша ДДСҰ ұсынған тәсілдерді елдік контексте дұрыс пайдаланудың үлгісін көрсеткенін атап өтті.
Қазіргі уақытта ауруханаларда ҚДСҰО және Алматыдағы филиалмен бірлесіп пациенттердің ауру жұқтыру қаупінің алдын алу үшін ПИИК бойынша Стандартты операциялық рәсімдердің (СОР) әзірленіп жатқандығын атап кету керек. Сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен жергілікті мамандар үшін тренингтер өткізіледі.
«2019 жылдан бастап ДДСҰ «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер (ДНЫЕМ)» жобасын қолдайды және Қазақстан осы бағдарламаны ойдағыдай іске асыратын елдердің бірі болып табылады. Жергілікті мамандар үшін өткізілген тренингтерді қоса алғанда, ҚДСҰО мамандары үлкен жұмыс атқарды. 2019 жылы 749 мектеп оқудан өтті. 2020 жылы COVID-19-ға байланысты жұмыс кейінге қалдырылды, бірақ біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді ДДСҰ консультанты Лаура Өтемісова.
Сонымен қатар, ДДСҰ Елдік офисінің коммуникациялар жөніндегі консультанты Жанна Перзадаева ҚДСҰО өкілдеріне коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-коммуникациялық науқан өткізуде нәтижелі жұмысы үшін алғысын білдірді. Ынтымақтастық шеңберінде тұрғындар үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы билбордтарда инфографикалар әзірлеп, орналастырылды, ҚДСҰО қызметін ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеу мақсатында КВИ профилактикасы мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру үшін телестудия құрылды.
Кездесу соңында екі жақ одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты, ынтымақтастық етуші орталықтардың жұмысын және Қазақстандағы ПИИК мәселелері бойынша доктор Виталий Стецикпен кездесуді жоспарлады.