2021 жылы 18 ақпанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) мамандары Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларымен ZOOM платформасында жұмыс кездесуін онлайн-форматта өткізді.
ҚДСҰО директорының м.а. Жәмила Баттакова құттықтау сөз сөйледі. Ол БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жемісті ынтымақтастық үшін үлкен алғыс білдіріп, 2018-2020 жылдары Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы балалардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.
Сондай-ақ конференцияға ҚДСҰО тарапынан ҚДСҰО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы (СЭСжМҒПО) директорының м.а. Манар Смағұл, СЭСжМҒПО инфекциялық аурулар эпидемиологиясы және иммундық профилактика басқармасының бас маманы Елена Касабекова және Орталықтың басқа да мамандары қатысты.
Кездесу барысында тараптар 2018-2020 жылдарға арналған «Теңдік және инклюзия» және «Балаларға мейірімді әлеуметтік орта» жұмыс жоспары шеңберінде ҚДСҰО мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жұмысының нәтижелерін талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар 2021 жылға арналған бірлескен бастамалар мен перспективалық жоспарларды ескере отырып, одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырды, оның ішінде:
– Бала семіздігінің алдын алу, балаларды тамақтандыру мәселелері бойынша стратегияны ілгерілету;
– Балалардың байқаусызда жарақаттануының (ББЖ) алдын алу жөніндегі стратегияны және ББЖ алдын алу бойынша Коммуникациялық стратегияны ілгерілету;
– COSI және WASH зерттеулерінің валидациясы (ұсынымдары бар есеп, республикалық кеңес, ұсынымдарды іске асыру мониторингі));
– HBSC зерттеуінің жаңа раундын өткізуге қатысу;
– иммундық профилактика (иммундау бойынша веб-сайтты одан әрі қолдау, Иммундау орталығын құру) және т.б.