Қазақстандықтарға тұзды тұтынуды азайтуға кеңес береді

 

Бұл ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қатысқан Еуропа мен Қазақстан Республикасында тұзды тұтынуды азайту жөніндегі шараларды жандандыруға арналған вебинардың басты тақырыбы болды.
Ұйымдастырушы – ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы.
Вебинардың мақсаты – саясатты қалыптастыратын адамдарды, зерттеушілерді, азаматтық қоғам ұйымдарын және басқа да мүдделі тараптарды елдерге тұзды тұтынуға қарсы күрес саласындағы көп салалы іс-әрекеттің ауқымын кеңейтуге көмектесетін практикалық ұсынымдарды қамтитын жаңа әдістің болуы туралы хабардар ету.
Айта кету керек, тұзды шамадан тыс тұтыну (күніне 5 г-дан астам) қан қысымының жоғарылауына әкеледі, бұл өз кезегінде жүрек-қан тамырлары ауруларының, атап айтқанда жүрек аурулары мен инсульттің пайда болу қаупін арттырады және ДДСҰ Еуропалық аймағында өлім-жітімге басты себеп болып отыр.
«Қазақстанда тұзды тұтыну тәулігіне 17 г құрайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, Алматы мен Қызылордадан зерттеуге қатысқан ерлер мен әйелдердің 100% және 97% – ы ДДСҰ ұсынған тәулігіне 5 г нормадан жоғары мөлшерде тұзды тұтынған. Сондықтан тұзды тұтынуды азайту басым стратегиялық іс-қимылдардың бірі болып табылады және инфекциялық емес аурулардың алдын алудың экономикалық тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады», – деп атап өтті ҚДСҰО директордың міндетін атқарушы Жәмила Баттакова Қазақстан Республикасында тұзды тұтынуды қысқарту тақырыбы бойынша вебинарда сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар, ол ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ҚР-да тұзды азайту бойынша іске асырылған іс-шараларымен бөлісті:
– Денсаулық туралы Кодекске, дұрыс тамақтану саясатын қалыптастыру бойынша іс-шаралар шеңберінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ұсыныстар енгізілді;
– Нан және нан-тоқаш өнімдерінде тұзды кезең-кезеңмен азайту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді;
– С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен ЖОО студенттері мен оқытушылары үшін нанның құрамындағы тұз мөлшері аз өнім шығарудың басталуы туралы Өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды;
-Нұр-Сұлтан қаласының “Nur Otan” партиясы” ҚБ мен ҚДСҰО арасында Дұрыс тамақтану саясатын қалыптастыру саласындағы өзара ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Жәмила Баттакованың айтуынша, егер 2025 жылға қарай тұзды жаһандық тұтынуды 30% -ға азайту бойынша мақсатқа қол жеткізілсе, жүрек аурулары, инсульт және т.б. салдарынан миллиондаған адамдарды өлімнен құтқаруға болады.