Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да ұйымдарының қызметкерлері үшін ҚДСҰО мамандары «COVID-19 кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету және оперативті орталықтардың жұмысы» тақырыбында 54 сағаттық курс өткізді.
Оқыту 2020 жылғы 21-25 желтоқсан аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы «Профилактикалық медицина» ғылыми-өндірістік бірлестігінің базасында өтті.
Тренинг короновирус инфекциясы кезінде оперативті орталықтың жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру және қолдану мақсатында ұйымдастырылды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов пен цифрландыру және биостатистика бөлімінің мамандары Әсел Абақова мен Жәнібек Ерубаев өз білімдерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Олар COVID -19-ға қарсы күресте одан әрі шешім қабылдау үшін деректерді жинау процестерін жеделдету, деректерді дұрыс ұсынып, көрсету үшін оперативті орталықтардың жұмысында цифрландырудың маңыздылығы туралы айтты.
Оқыту барысында Қырғызстандағы COVID -19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға талдау жүргізілді және эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың жеке матрицасы әзірленді.
Сондай-ақ облыстар бойынша және жалпы Қырғызстан Республикасы үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжам есептелді.
Оқыту тренингі аяқталғаннан кейін циклден өткендігі туралы куәлік берілді. Бұдан басқа, тараптар жемісті ынтымақтастықты жалғастыру үшін алдағы жоспарларды талқылады.
Айта кетейік, курс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және ДДҰ-ның Қазақстандағы Еуропалық бюросының қолдауымен өтті.