Бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
«Біздің Орталық мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуда. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс, идеяларыңыз бен мақсаттарыңызды іске асыру үшін сарқылмас күш-жігер тілеймін. Сіздер идеяларды іске асырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласына үлес қосып келесіздер», – деді Орталық директоры Дамир Көбжасаров.
Негізгі мемлекеттік мереке қарсаңында директор Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың атынан марапаттар мен Құрмет грамотасын тапсырды.
Мына мамандар:
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова;
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен жұқпалы емес аурулардың профилактикасы департаментінің бөлім басшысы Насима Жунусова;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Юшицина марапатталды.