2020 жылы 9 желтоқсанда Орталық Азия хабы ұйымдастырған онлайн кездесуде халықаралық сарапшылар «COVID-19 бақылау орталығының» веб-қосымшасын пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға Қазақстан, Кырыгызстан және Түркіменстан өкілдері қатысты.
«COVID-19 бақылау орталығының» веб-қосымшасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырған, байланыста болған және сауыққан адамдар жөніндегі деректерді есепке алу және мониторингілеу үшін пайдаланады. Бұл қосымша open source технологиялары негізінде жасалған.
Жобаның мақсаты: СOVID-19 жұқтырған және байланыста болған адамдар жөніндегі есепті автоматтандыру, географиялық картада ықтимал қауіпті ауру жұқтыру нүктелерін визуализациялау және т.б.
Кеңесті ДДСҰ-ның Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар орталығының үйлестірушісі және ДДСҰ-ның Қырғызстандағы қазіргі өкілі Тасним Ататра ашты.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров, директордың бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов және цифрландыру және биостатистика бөлімінің мамандары Әсел Абакова мен Жәнібек Ерубаев аталған мәселе бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қырғызстан тарапынан Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық басқармасының бастығы Динара Оторбаева практикалық бөлім жайында ой бөлісті.
Бұл қосымша қандай жағдайларда COVID-19-дың анықталғанын айқындауға көмектеседі: алдын алу мақсатында тестілеуден өту, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша өз бетінше дәрігерге қаралу немесе тестілеуден өту, эпидқадағалау мақсатында тестілеу; жергілікті, сырттан әкелінген, байланыста болу жағдайларының мәртебесін; симптомдары білінген кездегі аурудың: жеңіл, орташа, ауыр деңгейін анықтау және т.б. жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді.