2020 жылы 9 желтоқсанда ДДСҰ-ның ЖЕА-ны (НИЗ) бақылау және алдын алу жөніндегі Еуропалық офисінің (Мәскеу қ.) және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдерімен онлайн кеңес өтті.
ҚДСҰО тарапынан директор Дамир Көбжасаров, директордың бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов, ғылым бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова және т.б.; ДДСҰ-ның ЖЕА бақылау және алдын алу жөніндегі Еуропалық офисі (Мәскеу қ.) тарапынан: офис басшысы Джоа Бред, техникалық офицер Кремлин Викрамасингхе және басшының ассистенті Джулиан Уильямс қатысты. ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік офисінен консультант Лаура Өтемісова қатысты.
Кеңес барысында ДДСҰ-ның балалар арасында семіздікті эпидқадағалау жөніндегі Еуропалық COSI және «STEPS» бастамасының жобалары бойынша ағымдағы жағдай талқыланды. СӨС ілгерілету мәселелері бойынша жұмыс істеп тұрған ДДСҰ ынтымақтастық орталығы аясында ҚДСҰО мен ДДСҰ-ның одан әрі ынтымақтастығы туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, nараптар жұқпалы емес аурулар, атап айтқанда СOVID-19 саласындағы жобалар бойынша жұмыстарды ұлғайтуды талқылады.