Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДСҰО) «Бағдарламалық қамтамасыз ету және COVID-19 кезіндегі оперативті орталықтардың жұмысы» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізуді жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 2-5 желтоқсан аралығында ҚДСҰО «ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті», «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көп салалық облыстық аурухана» ШЖҚ МКК қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қызметкерлерін және ҚР ҰҚК Әскери-медициналық қызметінің эпидемиологын оқытты.
Мақсат – короновирус инфекциясы кезінде оперативті орталықтың жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру және игеру.
Оқыту барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға және басқа елдердегі COVID – 19 таралуына талдау жасалды.
«Республикада COVID – 19 індеті туралы мәліметтерді күнделікті жинау, өңдеу және мониторинг жүргізу, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу цикл тыңдаушыларына аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжам жасауға мүмкіндік береді», – деді директордың бірінші орынбасары Б.Жүсіпов.
ҚДСҰО дәріскерлері деректерді жинау процестерін жеделдету үшін оперативті орталықтардың жұмысында цифрландырудың, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күресте одан әрі шешім қабылдаудың маңыздылығы туралы айтты. Тыңдаушыларға деректерді енгізу, деректерді сүзгіден өткізу, есеп беру нысандарын жіберу, қарапайым және аралас диаграммаларды құру, оларды PowerPoint презентациясында ресімдеу жұмыстарын үйретті.
Оқыту нәтижесінде әрбір тыңдаушы R және R Studio бағдарламаларын игерді, бұл оларға аймақтағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі паспортқа күн сайын өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Курс соңында тыңдаушыларға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Д.Көбжасаров «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлікті табыс етті.